Қоғам
1 мин оқу 440

Балалар үйінің қаржысын жымқырған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматы полицейлері балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің қаражатын жымқырды деген күдікпен облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогын ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Тараз қаласында арнайы құрылған жедел-тергеу тобы Алматы облысында балалар үйінің әлеуметтік педагогы болып табылатын 1990 жылы туылған М. есімді азаматшаны ұстады.

Жедел уәкілдер ұсталған азаматшаны Алматыға жеткізді.

Сеніп алынған мүлікті ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істің материалдары ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, сондай-ақ күдікті Алматы қаласының ЖСҚ-на жіберілді.

Бөлісу:
Балалар үйінің қаржысын жымқырған күдікті ұсталды · Egemen Qazaqstan