Қоғам
3 мин оқу 511

МӘМС: Сақтандыру мәртебесі туралы жиі қойылатын сауалдар

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден кімдер босатылды? МӘМС жүйесінде мәртебеңіз &laquo;сақтандырылмаған&raquo; болып шықса, қайда жүгінуге болады? Азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санаты тарапынан жиі қойылатын осы және өзге де сауалдарға &laquo;Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры&raquo; КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина жауап береді.</p>

МӘМС: Сақтандыру мәртебесі туралы жиі қойылатын сауалдар

– Айнагүл Хабдонғали­қызы, Ә­леу­меттік медицина­лық сақ­тандыру қорына мемлекет кім­дер үшін жарна төлейді?

– Мемлекет әлеуметтік аз қам­­тылған санат ретінде анық­талған азаматтардың 15 жеңіл­дік санаты үшін медицина­лық сақтандыру жарнасын төлей­ді. Олар – балалар, жұмыс­сыз ретінде тіркелген тұлға­лар, жұмыс істемейтін жүкті әйел­дер, бала тәрбиелеп отырған және бала 3 жасқа толғанға де­йін оның күтімімен айналысып отыр­ған жұмыс істемейтін ана­лар (кей жағдайда әкелер/басқа тұлғалар), бала тууына, жа­ңа туған баланы немесе бала­лар­ды асырап алуға байланыс­ты, бала 3 жасқа толғанға де­йін оның күтімі бойынша дема­лыс­тағы адамдар, 18 жасқа тол­ған­ға дейін мүгедек балаға кү­тім жасап отырған жұмыс істе­мей­тін тұлғалар, бала кезінен I топ­тағы мүгедекке күтім жа­­сай­­тын жұмыс істемей­тін адам­дар, зейнетақы төлем­дерін алу­­шы­лар, оның ішінде ҰОС қатысу­шы­лары мен мүгеде­ктері, қыл­мыс­тық-атқару (пенитен­циар­лық) жүйесі мекемелерінде (қауіп­сіздігі барынша төмен меке­мел­ерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүр­ген адамдар, тергеу изоляторларында отырған адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» ал­қа­ларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» орден­дерімен марапатталған көпбалалы аналар, мүгедектер, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, сон­дай-ақ жоғары оқу орнынан ке­йінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын тұлғалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы жұмыс істемейтін тұлғалар.

– Бұл азаматтар әлеуметтік аз қамтылған санатқа жа­та­тындығы туралы құжаттарды қандай да бір мекемеге тапсыруы қажет пе?

– Жоқ. Әлеуметтік мәртебе басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен Қор­дың ақпараттық жүйесіне бері­леді. Әлеуметтік медицина­лық сақтандыру жүйесінде «сақ­тандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.

– Егер азамат ресми түрде жұ­мыс­сыз болса, кейін жұмыс тап­ты делік, мемлекет ол үшін ақы тө­леу­ді жалғастыра бере ме?

– Жоқ. Бұл жағдайда азамат­тың әлеуметтік мәртебесі авто­матты түрде жалдамалы қыз­мет­керге ауысады және мемлекет ол үшін аударымдар жасауды тоқтатады. Сондай-ақ егер азамат жеке кәсіп ашса немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлей бастаса, мемлекет ол адам үшін де ақы төлеуді тоқтатады.

– Қандай жағдайларда студент сақтандырылмаған болуы мүмкін? 

– ЖОО студенттер туралы де­ректерді азаматтардың жеңіл­дікті санатына енгізу үшін Білім және ғылым министр­лігіне, содан кейін ақпараттық жүйе­лерді интеграциялау арқы­лы ӘМСҚ-на береді. Егер студент тізімге енгізілмесе және МӘМС жүйесіндегі мәртебесі «сақ­тан­дырылмаған» болса, оның себебін анықтау үшін өз ЖОО-ның деканатына жүгінуі қажет.

– Егер азамат әлеуметтік аз қам­тылған санатқа жатса, бірақ міндетті медици­на­лық сақтандыру жүйесін­дегі мәртебесі «сақтандырыл­маған» болса, не істеу керек?

– Егер азамат 15 жеңілдік сана­тының біріне жатса, бірақ МӘМС жүйесінде «сақтан­дырылмаған» болып шықса, себебін анықтау үшін Әлеумет­тік медициналық сақтандыру қорының 1406 бірыңғай байланыс орталығына жүгінуі немесе өтінімді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жолдауы керек немесе қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалына баруы қажет. Себептері әртүрлі болғандықтан, әрбір жағдай жеке-жеке қарастырылады.

Егер сақтандырылмаған болса да, әр азамат мемлекет ке­пілдік берген тегін медици­налық көмек пакетінде медициналық көмек алуға құқы бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрі­гер, педиатр, жалпы практика дәрігер мамандарының қа­был­­­дауы, дәрігерді үйге шақы­­ру, жедел жәрдем, емхана мен ста­цио­нар деңгейіндегі шұ­ғыл көмек, әлеуметтік маңы­зы бар, жұқпалы аурула­рды, онколо­гия­лық аурулар­ды емдеу осы пакетке кіреді және сақтанды­рылған-сақтандырыл­мағанына қарамастан азамат­тардың барлы­ғына тегін көрсетіледі.

Әңгімелескен

Думан АНАШ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
МӘМС: Сақтандыру мәртебесі туралы жиі қойылатын сауалдар · Egemen Qazaqstan