Экономика
1 мин оқу 574

Контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы өтеді

<p style="text-align: justify;">KTZ Express ұлттық мультимодальдық операторы &laquo;ҚТЖ&raquo; ҰК&raquo; АҚ компаниялар тобына тиесілі терминалды қолдана отырып, жүктерді тиеу мен өңдеуден бастап, меншігіндегі контейнерлерін ұсынуға дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынатын Қытай-Өзбекстан бағытындағы пойыз жөнелтілімін ұйымдастырды.</p>

Контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы өтеді

KTZ Express АҚ 50 қырық­футтық контейнері биыл 7 тамызда Иу Си стан­са­сынан (ҚХР) жөнелтілді. Әрі қарай халық тұтынатын тауар­лар тиел­ген жүк пойыз Алашань­коу шекара бекеті арқылы Достық (ҚР) стансасы, Сарыағаш – Келес (Ресей) және Сер­гели (Ре­сей) торабымен жүріп өтті. Пойыз Қытайдан Ташкентке де­йін­­гі қашықтықты транзитпен Қазақ­­стан арқылы 9 күн ішінде меже­лейді.

– KTZ Express өз алдына логис­тикалық қызметтердің толық спек­трін ұсынуды міндет етіп қояды және де толықтай компания меншігіндегі контейнерлер­ден құралған Иу – Ташкент бағы­тындағы пойыз мұның айқын дәлелі. Агенттік желі мен шетел­дер­дегі өкілдіктерді дамыту халық­аралық бағыттағы контей­нерлік пойыздарды ұйымдастыру мен жіберудің бай тәжірибесін жинақ­тауға мүмкіндік берді. Бүгін­гі таңда қытайлық серіктес­те­рімізге ыңғайлы болу үшін KTZ Epress қызметтері мен контей­нерлік жабдықтары Қытайдың бар­лық ірі провинцияларында ұсы­нылған, – дейді «KTZ Express» АҚ басшысы Дмитрий Абдуллаев.

Бөлісу: