Білім
1 мин оқу 254

Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады

<p style="text-align: justify;">Ресейде оқитын қазақстандық студенттер оқуын жалғастыру үшін ресейлік үкіметтен елге кіруге рұқсат беруді сұрады, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады

Қазір пандемияға байланысты Қазақстан және Ресей шекарасы жабық тұр. Осы себепті барша студенттерге қашықтан оқу ұсынылған. Алайда студенттер қашықтан оқудың сапасы бәсекеге қабілетті болмайды деп отыр. Сондай-ақ медицина және шығармашылық бағытта қашықтан оқу мүлдем мүмкін емес делінген студенттер өтінішінде.

"Біз, ресейлік ЖОО студенттері, шекаралар жабық болғандықтан оқуымызға орала алмай отырмыз, кіруге рұқсат беруіңізді сұраймыз", - делінген өтініште.

Томск мемлекеттік басқару және радиоэлектроника университетінің студенті Екатерина Виниченконың айтуынша, хатқа оның мыңға жуық отандасы - қазақстандық студенттер қол қойған. Олар жатақханада киімдері мен ноутбуктері қалғанын айтады.

Бөлісу:
Қазақстандық студенттер Ресей үкіметінен көмек сұрады · Egemen Qazaqstan