Жаңалықтар
1 мин оқу 201
Сайлауды байқауға қатысады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ертарғын Астаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар миссиясының құрамында Грузиядағы президенттік сайлауды байқауға қатысады. Ол биылғы 27 қазан күні болады.
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 4 000-нан астам парламентшілері 1993 жылдан бері сайлауды байқау саласындағы алтын стандарт қалыптастыруда ЕҚЫҰ-ға жәрдемдесіп, 100-ден астам сайлауды байқауға қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Бөлісу:
