Жарнама
 
Спорт
1 мин оқу 146

«Бавария» – алты дүркін жеңімпаз!

<p style="text-align: justify;">Германияның &laquo;Бавария&raquo; командасы Францияның ПСЖ клубынан 1:0 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.</p>

«Бавария» – алты дүркін жеңімпаз!

Бірінші таймда қос команда алма-кезек шабуылдармен алмасты. Ойынның алғашқы 45 минутында «Бавария» шабуылшысы Левандовскиде гол соғатын үш мүмкіндік болды. Тепкен добы бірде қақпа бағанына тисе, бірде қақпашы соққыны қайтарып отырды. Бұл кеште ПСЖ шабуылшылары – Неймар мен Мбаппе де бірнеше мүмкіндікті жіберіп алды.

Ал екінші тайм жұрт күткендей болмады. Екі жақта «итжығыс» ойын өрнегін көрсетті. Тәртіп бұзу да, сары қағаз да, айқай-шу да көп болды. Әйткенмен, ойынның 59 минутында «Бавария» қорғаушысы Киммихтің оң қапталдан асырған добын баспен қақ­па бұрышына дәл көздеген Команның қан­жығасы майланды. Осы голдан кейін қан­шама алма-кезек шабуыл жасалғанымен есеп өзгерген жоқ.

«Бавария» Чемпиондар лигасының алты дүркін жеңімпазы атанып, бұл көрсет­кіш бо­йынша «Ливерпульмен» теңесті.

Бөлісу:
«Бавария» – алты дүркін жеңімпаз! · Egemen Qazaqstan