Пікір
1 мин оқу 176

Жүйелі жұмыс қажет

<p style="text-align: justify;">Қазақстан тәуелсіздігін ал&shy;ғалы бері 4 мәрте жемқорлыққа қар&shy;сы стра&shy;тегия енгі&shy;зілді. Қазір&shy;гі таңда елі&shy;мізде 2015-2025 жыл&shy;&shy;дар&shy;ға арнал&shy;ған сыбайлас жем&shy;қор&shy;лыққа қар&shy;сы бе&shy;сінші стратегия жүзеге асып жатыр.</p>

Жүйелі жұмыс қажет

Қазіргі таңда осы стратегия бо­йынша қойылған міндеттер орын­далып келеді. Мәселен, мемлекеттік қыз­мет саласындағы сыбайлас жем­­қо­р­­лыққа қарсы жұмыс негізі­нен 2015 жылы қабылданған жемқор­лық­қа қарсы күрес жөніндегі заң, мем­ле­кет­­тік қызметке қатысты заң, мем­лекет­тік қыз­меттің этикалық кодексі арқылы жүзеге асты.

Сондай-ақ 2016 жылдан бері елі­мізде «Қоғамдық бақылау» қызметі жұ­мыс істейді. Бұл жоба үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы мем­ле­­кеттік және жеке сектордағы сыбай­лас жемқорлық әрекетін анық­тауға арналған.

Бұдан бөлек, жоғарыда аталған заңдар арқылы жеке сектор сала­сындағы жемқор­лықты бақылау да алғаш рет жолға қойылды. Сы­байлас жемқорлыққа қарсы стра­тегияны жүзеге асыру нәти­же­сін­де құқық қорғау және сот жүйе­сінде кадрларды таңдау жетіл­дірілді.

Сондай-ақ жемқор­лық­тың зияны туралы қоғамды ақпа­рат­тан­дыру үшін де көпте­ген жұмыс атқарылды. Қазақ­стан халық­ара­лық сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы ұйым­дармен бел­сенді ынтымақ­тастық орнатқан.

Жалпы алғанда, Қазақстанның сы­байлас жемқорлыққа қарсы стра­­­­те­гиясы мемлекетіміздің сая­си, әлеуметтік және экономи­ка­лық жаң­ғы­руын әрі қарай жүр­гізуге қажетті жағдай жасайды. Осы орайда, қо­ғамдық індетпен күрес жұмысы елі­міздің дамуына сер­пін беріп, инвес­тиция тарту әлеуетін де ілгерілетеді. Қорыта айт­­қанда, Президентіміз атап өт­кен­­дей, сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы жүйелі жұмыс жүргізу қоғам­­да кез келген жемқорлық түрін айыптау мәдениетін қалыптастырады.

Слямжар АХМЕТЖАРОВ,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері

Бөлісу:
Жүйелі жұмыс қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар