Елорда
1 мин оқу 240

Елордада екі жүк көлігі соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Елордада екі жүк көлігі соқтығысты. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Ведомство ақпаратына сәйкес, осы жылдың 25 тамызында сағат шамамен 13-30-да 30 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан "HOWO" маркалы автокөлік Қырқыншы станса жақтан Павловка елді мекеніне қарай келе жатып, екі айналма жолдың қиылысында Нұр-Сұлтан-Қарағанды жолы жақтан Алаш тас жолына қарай келе жатқан "Камаз" көлігімен соқтығысқан.

"Соққының салдарынан «Камаз» қарама-қарсы бағытта келе жатқан "VOLVO" маркалы көлігіне барып соғылған. Ол көлікті 63 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан. "HOWO" автокөлігі коммуналдық айып тұрағына қойылды, тергеу жүргізіліп жатыр", деді департамент өкілдері. 

Бөлісу:
Елордада екі жүк көлігі соқтығысты · Egemen Qazaqstan