Қазақстан
1 мин оқу 205

Мәреге екінші болып жетті

<p style="text-align: justify;">Ресейдің &laquo;Алабино&raquo; полигонында өтіп жатқан жарыста біздің танк экипажымыз Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан командаларына қарсы тартысты сайыста ресейлік әріптестеріне жол беріп, екінші орынды иеленді.</p>

Мәреге екінші болып жетті

Қазақстандық танкшілер сайыс­та Т-72Б3 танкісімен өнер көрсетіп, екінші орынға сенімді түрде табан тіреді.

Жеке жарыстар бүгін, 27 тамызда жал­ғасады. Жартылай финалға шығу үшін қалған екі қазақстандық экипаж сайысты жалғастырады. Біз­дің команданың қазіргі нәтижелерді жақсартып, жүлделі орындарға қол жеткізуге бар­лық мүмкіндіктері бар.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ­стан­дық танк экипажы 2020 жыл­ғы Армия халықаралық ойындары­ның «Танк биатлоны» сайысына қатысып жатыр.

Бөлісу:
Мәреге екінші болып жетті · Egemen Qazaqstan