Оқиға
1 мин оқу 380

Жаңа терминал жүк ағынын реттейді

<p style="text-align: justify;">Биыл тамыз айында &laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ҰК&raquo; АҚ мен &laquo;Dostyk TransTerminal&raquo; ЖШС арасында Достық стансасында терминал салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстанның транзит&shy;тік әлеуетін дамыту үшін негізгі тізбегі саналатын Достық шекаралық стансасының өткізу мүмкіндігін арттыру мен инфрақұрылы&shy;мын да&shy;мыту жөніндегі ұзақмерзімді әрі өзара тиім&shy;ді ынтымақтастығының басталуына кепіл болмақ.</p>

Жаңа терминал жүк ағынын реттейді

«Dostyk TransTerminal» ЖШС Достық стан­са­сының шығысындағы 6 шақырым жерде көп­функциялы ауыстырып тиеу жүк терминалы құ­ры­лысын бастайды. Жаңа терминал тар шойын жолдан кең жолақты теміржол көлігіне контей­нерлерді қайта тиеуге арналған, бұл ретте ауа райы жағдайына қарамастан толық құрамды контей­нерлік пойыздардың алдыңғы жүктемесінің болуы қарастырылған. Мұнда жылына 100 мың контейнерге дейін, жүкағынының ұлғаюына қарай 450 мың контейнерге дейін кеңею мүмкіндігімен ауыс­тырып тиеу қамтамасыз етілетін болады.

Жоспарға сәйкес, терминал 2021 жылдың сәуі­рінде контейнерлік пойыздарды қабылдай бас­тайды. Заманауи логистикалық хаб ретінде жаңа терминалдың жұмыс істей бастауы Достық стансасы арқылы көлік бағытының бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етеді, бұл әсіресе Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалдардың қарқынды дамуы жағдайында маңызды.

Бөлісу:
Жаңа терминал жүк ағынын реттейді · Egemen Qazaqstan