Аймақтар
1 мин оқу 342
Көкшетауда ер адам аурухана терезесінен секіріп кетті
<p style="text-align: justify;">Көкшетау қалалық ауруханасының 56 жастағы емделушісі үшінші қабаттың терезесінен секіріп, жарақат салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"26 тамыз күні Көкшетау қаласының 56 жастағы тұрғыны қалалық ауруханадағы Гастроэнтерология бөлімшесі орналасқан 3-ші қабаттың терезесінен секірген. Ер адам ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды", дейді аймақтық полиция өкілі.
Ведомствода хабарлағандай, аталған факті бойынша Көкшетау қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі "Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
