Жарнама
 
Руханият
1 мин оқу 720

Ыбырай әңгімелері аудио форматта жарық көрді

<p style="text-align: justify;">"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты Ыбырай Алтынсарин, Жүсіпбек Аймауытұлы, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгірұлы секілді қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шағын әңгімелерін аудиоформатта ұсынып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жоба жетекшісі, Ruh.kz порталының Бас редакторы Азамат Байғалиұлының айтуынша, жаңа форматта жарық көрген шығармалар қазіргі уақытта үлкен маңызға ие болып отыр:

– Әр түрлі оқиғалардың куәгері болып жүрміз. Әсіресе адамдардың бір-біріне қатігездік, қиянат жасап жататын жағдайлары аз емес. Ал, әдебиет – ардың ісі, тәрбие мәселесінде маңызды рөл атқаратын білесіздер. Сондықтан да обал-сауап, адамды сүю, құрметтеу, өмірге деген сенім мен құштарлықты арттырып, қоғамды еңбекке баулуға шақыратын шығармаларды аудионұсқада ұсынуды жөн көрдік, – деді А.Байғалиұлы.

Шығармаларды Қазақ Радиосының ардагері, ҚР мәдениет қайраткері Аманжан Еңсебайұлы дыбыстаған. Оларды порталдың YouTube желісіндегі арнасынан тамашалап тыңдауға болады.

Аудио жазбаларды жыл соңына дейін еліміздегі ЖОО-на, жалпы білім беретін орта мектептерге тарату жоспарланған.

Бөлісу:
Ыбырай әңгімелері аудио форматта жарық көрді · Egemen Qazaqstan