"Абай жолы" жобасының төртінші бөлімі жарияланды
<p style="text-align: justify;"><a href="https://massaget.kz/layfstayl/debiet/abay_jolyi/63096/">Мassaget.kz</a> жастар порталы Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясына жасалған бейнесаммаридің төртінші тарауын жариялады, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://massaget.kz/layfstayl/debiet/abay_jolyi/63096/">Мassaget.kz</a> порталына сілтеме жасап.</p>
Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Роман-эпопеяның медиа нұсқасы әр дүйсенбіде YouTube-тегі Massaget TV арнасында жарияланып отырады. Жыл соңына дейін 28 ролик шығару жоспарланған.