Президент
1 мин оқу 1,056

Тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда - Президент

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев&nbsp;Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында айтты, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда - Президент

"Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте орталық пен өңір арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, иммидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл орынды. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандардың және елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс", - деді Президент.

Бөлісу:
Тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда - Президент · Egemen Qazaqstan