Жарнама
 
Спорт
1 мин оқу 252

Қазақстандық боксшы Хабибтің інісімен айқасады

<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жектен 25 қазанда өтетін UFC турнирінде қазақстандық Сергей Морозов Ресей спортшысы Омар Нұрмагомедовпен күш сынасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық боксшы Хабибтің інісімен айқасады

24 жастағы Омар Дағыстанның тумасы. Ол әйгілі Хабиб Нұрмагомедовтың інісі. Айтулы азаматтың туған ағасы Усман да аралас жекпе-жектен елеулі табыстарға қол жеткізген танымал спортшы. Омардың өзі жастайынан муай-тай және жауынгерлік самбомен шұғылданып, бірқатар белестерді бағындырды.

2016 жылдың желтоқсан айында октагондағы өзінің алғашқы айқасын өткізіп, Ришад Харисовты "қылқындырып" тастады. Сол кезден бері 12 мәрте жекпе-жекке шыққан Омар Нұрмагомедов барлығында өз пайдасына шешті. Сол бәсекелердің тең жартысында ол айқын басымдық танытты. 

31 жастағы Сергей Морозов жекпе-жек өнерінің сан түрін меңгерген. 2012 жылдан бері жерлесіміз 20 кездесу өткізіп, 16 рет мерейі үстем болды. 11 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады.

Бөлісу:
Қазақстандық боксшы Хабибтің інісімен айқасады · Egemen Qazaqstan