Рауан елдімекенінде жаңа мектеп ашылды

Білім күні Ақтөбе қаласының іргесіндегі "Рауан" елдімекенінде 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңадан  ашылған білім ошағына облыс әкімі Оңдасын Оразалин барып, "Рауан" елдімекенінің тұрғындарын Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы кезге дейін ауылда мектеп болмағандықтан мектеп жасындағы оқушылар қала мектептеріне автобуспен қатынайтын. Өңір басшысы мектеп ішін аралап, кезекшілік режимде білім алуды бастаған 1-класс оқушыларына сәттілік тіледі.

Жаңа мектептің құрылыс сапасын бақылап, ашылу салтанатына арнайы келген оқушылар мен олардың ата-аналарымен жүздесті. Оқу ғимаратында 26 оқу сыныбы, информатика кабинеті, шеберхана, спортзал, асхана, кітапхана, медициналық кабинеті бар. Автономды жылу қазандығы әрі табиғи газбен де жылытылады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мектептердегі білім сапасын көтеруді ашып көрсетті. Өсіп келе жатқан балаларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін ең алдымен олардың жағдайын жасауымыз қажет. Еңселі де заман талабына сай бой көтерген осы №74-ші мектепте талай елге қызмет етер азаматтар тәрбиеленеді деп сенемін", - деді өңір басшысы.
Бұл мектептің құрылысы 2019 жылдың тамыз айында басталған еді. Ақтөбе облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 3 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да 9 мектеп құрылысы аяқталады деп жоспарланған.
БАЯНДЫ СӘРСЕНБИНА,
"Egemen Qazaqstan"