Пікір
1 мин оқу 152

Жергілікті өзін өзі басқару ісі өзекті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Парламент палаталарының біріккен отырысына Президент қатысып, халыққа Жолдауын арнады. Осы орайда мен үш мәселеге тоқталғым келіп тұр. Біріншісі, білім саласы. Әсіресе үздіксіз білім беруге ерекше мән берілді.</p>

Жергілікті өзін өзі басқару ісі өзекті

Президент қазіргі қалыптасқан онлайн білім беру жүйесіне қатыс­ты өзінің сыни пікірін айтты. Біз елді аралағанда бұл мәселені көтер­­генбіз. Қазір біз қалыптасқан дә­стүр­лі білім беруді жалғастыру мәсе­ле­­сін қарауымыз керек. Менің ойымша, ата-аналардың келісі­мімен балаларды дәстүрлі білім беруге көшіруге мүмкіндік бар деп есептеймін.

Екінші мәселе, жергілікті өзін-өзі басқару. Бұл бағыттағы заң біз­де бар, бірақ формалды түрде қол­данылып келген. Президент осы мә­селеге айрықша назар аударып, ауыл әкімдерін халықтың пікіріне сү­­йе­не отырып сайлау мәселесін ал­­дағы жылы енгізу қажет екенін айтты.

Жолдауда ұлттық құндылықтар мә­­се­лесі де көтерілді. Мемлекет бас­шы­сы адал, білімді, кәсіпке бейім ұр­­п­ақ тәрбиелеу ісіне араласуды бар­лық қоғамдық институттарға жүктеді.

Парламент өз тарапынан Прези­денттің тапсырмаларының заңдық тұрғыда тұжырымдалуын жан-жақ­ты қарайтын болады.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

Сенат депутаты

Бөлісу: