Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 190

Павлодар көлікжайындағы өрттен ер адам жарақаттанды

<p style="text-align: justify;">Өрт сөндірушілер келгенге дейін жедел жәрдем бригадасы көлікжай иесін ауруханаға алып кетті. Бұл туралы&nbsp;<a href="http://xn--avlodarnews-foj.kz/">Рavlodarnews.kz</a>-ке сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте орталық өнеркәсіптік аймақта орналасқан "Литейщик" кооперативтік қоғамындағы автокөлік гаражындағы өрт туралы хабарлама "101" пультіне кеше сағат 15:25-те келіп түскен.

– Бетоннан тұрғызылған гараждың ішінде он алты шаршы метр аумақта қолданыста болған төрт автошина мен ағаш сөрелер жанып кетті. 1978 жылы туған ер адам №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне үшінші дәрежелі күйік диагнозымен жеткізілді. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Оқиға орнында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің сарбаздары сыйымдылығы алпыс литр жанар-жағар май құйылған канистраны эвакуациялады, – дейді департаментте.

Тілсіз жау сағат 16:00-де ауыздықтап, алты минуттан кейін толығымен сөндірілді. ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тоғыз қызметкері мен екі автоцистерна жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта өрттің себептері мен келтірілген шығын анықталып жатыр.

Бөлісу:
Павлодар көлікжайындағы өрттен ер адам жарақаттанды · Egemen Qazaqstan