Еуроодаққа мүше елдердің аумағында коронавирус қайта өршіді
<p style="text-align: justify;">Кәрі құрлықта коронавирусты жұқтырғандардың саны өрши түсуде. Шекаралар қайта жабылып жатыр. Дәл наурыз айындағы қойылымның қайталанбасына кім кепіл? Сондықтан Еуропа Еуроодаққа мүше елдерден келетін туристерге шектеу қоя бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
ЕО Кеңесіне төрағалық ететін Германия визасыз Шенген аймағындағы тұтастықты сақтап, өткен жолғы қойылымның қайталануына жол бергісі жоқ. Сондықтан, ЕО-ға мүше елдердің кейбірі өздерінің шекараларын жабуды бастады.
Мәселен, Венгрия осы сейсенбіден бастап, барлық шетел азаматтарына елге кіруге тыйым салса, Дания сәуір айында-ақ басқа елдің туристеріне шектеу қойды. Осы қатарға Финляндия, Испания мен Францияны кіргізуге болады.
Бірқатар ел ЕО-да міндетті карантин режімінің енгізілмегеніне және тестілеуге қатысты нақтылықтың жоқтығына наразы. Дегенмен, Еуроодаққа мүше әрбір ел өзі шешім қабылдайды.
Бұл жағдайда Германия шекараны ашудағы талпынысы – сарапшылардың қызу талқысында жүр.
"Еуроодаққа мүше елдің азаматтары басқа елде тұруға құқығы бар және сол жағдайды елмейтін мемлекеттер де бар. "Шенген шекарасы кодексінде" нақты ережелер бекітілген. Айтылған заңдылықтардың қарама-қайшылығында ғана Үкімет арнайы шешім шығара алады", дейді Еуропалық саясатты зерттеу орталығының өкілі Серджио Каррера.
