Спорт
1 мин оқу 396

Құзға өрмелеуден әлем кубогының екінші кезеңі өткізілмейді

<p style="text-align: justify;">Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы (IFSC) әлем кубогінің екі кезеңін өткізбеу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Пандемия салдарынан Оңтүстік Корея мен АҚШ-та жоспарланған әлем кубогінің кезеңдері өтпейтін болды. Сеулдегі дода 8-10 мамыр күндері, ал Солт-Лейк-Ситидегі жарыс 12-14 маусым күндеріне жоспарланған болатын. COVID-19 пандемиясына байланысты IFSC аталған қос жарысты кейінге шегерген еді.

Бөлісу:
Құзға өрмелеуден әлем кубогының екінші кезеңі өткізілмейді · Egemen Qazaqstan