Пікір
2 мин оқу 232

Өңдеуге көңіл бөлінсе, көп мәселе шешіледі

<p style="text-align: justify;">Жолдаудағы әрбір тың бастама жүзеге асырылуымен де құнды. Түркістан облысы аграрлық саласы жақсы дамыған өңірлердің бірі болғандықтан, Мемлекет бас&shy;шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке бизнеспен бір&shy;лесіп, алдағы 5 жылға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту&shy;дың жаңа сапалы ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырғаны бөлек&shy;теу әсер еткенін жасырмаймыз. Ұлт&shy;тық жобада шаруаларға тиімді мә&shy;селелер қамтылады деген үміт мол.</p>

Өңдеуге көңіл бөлінсе, көп мәселе шешіледі

Бүгінгі таңда ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерін өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жат­қаны мәлім. Соның бірі – субсидия­лау, бірақ ол көмектің кешік­тірілмей берілгені шаруалар үшін маңызды болып отыр. Суб­сидия ай сайын берілсе, тиім­ді­лігі де артады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға қаржы­лай көмек көрсетілсе. Бір ғана мысал, Ордабасы ауданында Пре­зи­денттің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Егістіктен сөреге дейін» жобасы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Жоба аясында «Бөрте Милка» ЖШС жеке 4 шаруа­шылықпен біріге СПК құрып, Жеңіс ауылына сүт жинай­тын контейнер орнатқан болатын. Еліміздегі ең ірі сүт фермасы бар компанияның бірі саналатын  «Бөр­те Милка» өз зауытында күні­не небәрі 10 тонна сүт өндіреді екен. Жалпы кәсіпорын тәулігіне 50 тонна өнімді терең өңдеуге қау­қарлы. Бұл орайда айналымға қажет қаржының болмауы өз әсерін тигізуде. Сүтті жинауға қаржы жеткілікті болса, 20-25 тонна өнімді терең өңдеуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ өнім түрлерін де 2-3 есе көбейтуге, қосымша жұмыс орындарын ашуға болар еді. Яғни Жолдауда айтылғандай нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен толық қам­та­масыз етуге, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арт­тыруға мүмкіндік жасалады. Биыл әлемді әбігерге салған пандемия біз­дің өңірде өнім өткізу, экспорттау мәселесіне кері әсерін тигізді. Қайта өңдеу кәсіпорындарына қол­дау көрсетілсе, шаруалар өнімдерін өткізу мәселесіне бас ауыртпас еді. Яғни дайындау, қабылдау пункт­тері бүгінде қаржылай қолдауға мұқтаж.

Президентке тікелей қарасты Бәсе­келестікті қорғау және дамы­ту жө­ніндегі агенттік құру жөнін­дегі Мем­лекет басшысының тап­сыр­масы да кәсіпкерлер тарапы­нан қолдау табары сөзсіз.  Сон­дай-ақ жаңадан құрылуы тиіс стра­тегиялық жоспарлау агенттігі жос­­пар­лауды төменнен бастаса деген ұсы­нысымыз да жоқ емес. Жол­дау­да мемлекеттік бақылауға балама қо­ғам­дық бақылау институтын қол­дай отырып, тиісті құқықтық негіз қа­лып­тастыру қажеттігі айтылды. Қоғам­дық бақылау туралы заңды әзір­леп, қа­былдауға тапсырма берілуі де, мемле­кеттен бөлінген қомақты қар­жы­лар­дың нақты адреске жететініне күмәндана қарайтын шаруаларды қуантып отыр.

Шәріпбек ЖАМАЛБЕКҰЛЫ,

«Түркістан облысы Азаматтық Альянсы»  заңды тұлғалар қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің президенті

Бөлісу:
Өңдеуге көңіл бөлінсе, көп мәселе шешіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар