Жарнама
 
Спорт
1 мин оқу 600

Дзюдодан Қазақстандағы бірқатар жарыс өтпейтін болды

<p style="text-align: justify;">Пандемияға байланысты Қазақстанда дзюдодан бірнеше маңызды додалардың өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дзюдодан Қазақстандағы бірқатар жарыс өтпейтін болды

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлімдегендей, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі өтпейді. Б.Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдо жарысы 17-19 сәуір күндері Алматыда өтуі тиіс еді.

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер арасындағы ашық Азия кубогі өтпейді. Ол 3-5 шілде күндері Ақтауда жоспарланған болатын.

Сонымен қатар, үш Қазақстан чемпионаты да өткізілмейтін болған: - 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (27-30 наурыз, Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған) - Спорт-интернат оқушылары арасындағы Қазақстан чемпионаты (1-6 мамыр, Орал қаласында жоспарланған) - 2005-2006 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты (17-20 маусым, Түркістан облысы, Шардара қаласында жоспарланған).

Бөлісу:
Дзюдодан Қазақстандағы бірқатар жарыс өтпейтін болды · Egemen Qazaqstan