Аймақтар
1 мин оқу 504

Атырауда жалақыны кешіктіріп төлейтіндер бар

<p style="text-align: justify;">Еңбек Кодексінің 113-бабына сәйкес жалақыны төлеудің мерзімі бар. Ал оны сақтау өз алдына, жалақыны кешіктіріп төлеу дерегі әлі де бар, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда жалақыны кешіктіріп төлейтіндер бар

"Атырау қалалық прокуратурасымен бірлескен тексеру кезінде еңбек заңнамасын бұзу, оның ішінде жалақыны уақтылы бермеу немесе кешіктіру фактілері анықталды. Мысалы, Еркінқала ауылдық округіндегі №37 "Болашақ" бөбекжай-бақшасының қызметкерлеріне  мамыр айына 4 277 639,0 теңге, ал, "АтырауНефтеМаш" ЖШС-нің  маусым айына 327 қызметкерге 56 114 706 теңге көлемінде  еңбекақыны төлемегені анықталды. Аталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты қызметкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, қызметкерлерге еңбекақы толығымен төленді", - деп хабарлады облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан.

Бөлісу:
Атырауда жалақыны кешіктіріп төлейтіндер бар · Egemen Qazaqstan