Жаңалықтар
5 мин оқу 611

Бәсекелестікпен өткен көрме

ЭКСПО шежіресі: Париж, 1855 жыл

Талайларды тамсандырып, талайдың талпынысын көтерген әлемдік ЭКСПО көрмесінің елімізде 2017 жылы өтетін болып белгіленгеніне де бір жылдай уақыт болыпты. Бұған бүкіл ел болып қуануда. Осынау дүниені дүбірге бөлейтін алқалы жиынның тарихының тамыры ғасырлардан сыр шертеді. Бұған дейін әлемнің әйгілі шаһарла­рында бой көтерген халықаралық көрменің тарихы қызықтыратыны айқын. 1855 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесі де өзіндік ерекшелігімен тарихта қалды.

Көрме басталған 1851 жылдан бастап эстафетаны Париж бен Лондон шаһарлары алғашында кезектесе ұстады. Англия мен Франция ара­сындағы бәсекелестік қос қала­да өткен көрменің көрігін қыз­ды­ра түскенге ұқсайды.

ЭКСПО шежіресі: Париж, 1855 жыл

Талайларды тамсандырып, талайдың талпынысын көтерген әлемдік ЭКСПО көрмесінің елімізде 2017 жылы өтетін болып белгіленгеніне де бір жылдай уақыт болыпты. Бұған бүкіл ел болып қуануда. Осынау дүниені дүбірге бөлейтін алқалы жиынның тарихының тамыры ғасырлардан сыр шертеді. Бұған дейін әлемнің әйгілі шаһарла­рында бой көтерген халықаралық көрменің тарихы қызықтыратыны айқын. 1855 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесі де өзіндік ерекшелігімен тарихта қалды.

Көрме басталған 1851 жылдан бастап эстафетаны Париж бен Лондон шаһарлары алғашында кезектесе ұстады. Англия мен Франция ара­сындағы бәсекелестік қос қала­да өткен көрменің көрігін қыз­ды­ра түскенге ұқсайды.1855 жыл­ғы ЭКСПО-ны өткізуге Англия, Франция, Түркия және Сар­дин корольдігі үміткер болады. Осы­лардың ішінде Фран­ция­ның бағы жанып, көрме өткі­зу мүмкіндігін иеленеді. Па­риж­­­дегі бұл шарада француздар 1851 жылғы Лондондағы көр­ме­ден қайткенде де басып озу­ды мақсат тұтады. Елисей ала­ңын­да үлкен павильондар салынып, оны Индустрия сарайы деп атай­ды. Бұл жоғарыда аталған Лондон көрмесіндегі бой көтерген Хрусталь сарайына жауап ретінде салынған деседі.

Аталмыш көрменің ашылу салтанаты 1855 жылдың 15 мамырында өтті. Оны Наполеон ІІІ ағылшын королевасы Вик­то­рия­мен бірге тамашалайды. Бұл өз кезегінде монархтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, олардың тығыз қарым-қатынаста болуларына септігін тигізеді.

Әлемдік көрме жаңалығы ретінде жаңа техникалар да қойы­лып, өз бағасын алды. Мәселен, Зингердің тігін машинасы үздік деп танылып, алтын медаль енші­леді. Сондай-ақ, француз хи­мигі Анри Сент-Клер Девиль жұрт­шы­лықтың қызығушылығын ту­дырған экспонаттарын ұсынды. Оны ол «күмістелген балшық» деп атады. Математик Чарлз Бэб­бидж идеясына негізделген швед өнер­тапқышы Шойцтың есептегіш мә­шинесі алтын медаль иегері болды.

Жалпы, көрме жаңалықтары дегенде осындай игі жобалардың алдағы уақытта халық игілігі үшін ары қарай қызмет жасай берулері таптырмас көмек құралы болғандары даусыз. Қалай дегенмен де өз жасаған жұмысыңның бір нәтиже көрсетіп, оған жұрттың ықыласын аудару үшін де осындай көрменің атқарар қызметі ерекше екені айқын. «Көш жүре түзеледі», демекші халықаралық көрменің енді-енді ғана қанат қағып келе жатқан кездерінде осындай туындылардың тек белгілі бір топ пен өнертапқыш ғалымдар арасынан шыға алмай қалу қаупін сейілткенінің өзі неге тұрады. Сондықтан да сол тұста осындай алқалы жиынның маңызы ерекше болғаны айтпаса да түсінікті еді.

1855 жылғы Париж көрмесінің тағы бір жаңалығы халықаралық заманауи өнердің көрмесін өткізуі дер едік. А.Монтенье қайта өрлеу дәуіріндегі стильмен Көркемөнер сарайын құрды. Бұл 1870 жылға дейін тұрыпты. Көрменің осы бөлімінің дайындығында Проспьер Мериме, Эжен Делакруа және Жан Огюст Доминик Энгр жұмыстары қатысты. Көркемөнер сарайында барлығы 2176 суретшінің жалпы саны 4979 шығармасы таныстырылды. Шараның көркемдік бөлігі осылайша сурет пен мүсін өнерінің таңғажайып топтамасы жиылған жұртқа ерекше әсер қалдырады.

Өнердің қай саласы да өзінің ерекшеліктерімен айшықталады. Мұның арасында майлы бояумен салынған суреттер денінің айтар сырлары ерекше-тін. Суреткерлер шығармашылығын шыңдауда көрме өтеді деген сөздің өзі де олардың ынтасын аша түскендей.

Сурет өнерінің шеберлерінің бірі Гюстав Курбе бүкіләлемдік көрме күндері өз туындыларын көрмеге қарсылық ретінде орайластырды. Бұл халықаралық көр­ме­нің көркемдік бөліміндегі қазы­­­лар романтизмнің суреткері деп оның шығармаларын қа­был­да­мағанымен байланыс­ты еді. Нә­тижесінде Курбе жеке «Реа­лизм» атты павильо­нын ашып, 40-қа жуық еңбек­те­­рін жұрт­шылыққа ұсынды. «Реа­лизм» павильоны көрмеге келген ха­лықтар мен сыншылар наза­рын аударды.

Халықаралық көрме өз жер­ле­рінде өтіп жатқанда француздар оның маңыздылығын арттыра түсу үшін қолдарынан келген бар мүмкіндіктерін жасап жатты. Осы көрме арқылы француз шарабының даңқы артып, ұлттық бренді қалыптасты дейді. Сонымен қатар, бұл көрмені еңбек өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, әсем өнердің жаһандық көрсетілімі деп айтуға да болатындай.

Бүкіләлемдік көрменің жабылу сәті 1855 жылдың 15 қарашасында өтті. Әрине, бұл да мерекелік тарихи сәт болғандықтан, оның да асқан дайындықпен өткенін айтқан абзал. Композитор Гектор Берлиоздің ұйымдастырушылық басшылығымен үлкен салтанатты концертпен көрме салтанатты түрде жабылды. Бұған 1200 музыканттар жұмылдырылды. Музыка ырғағы бір мезгілде оркестр­дің бес жерінен естіліп тұрды. Аралары бір-бірінен ал­шақ тұрып, үлкен кеңістікке әуені шыр­қалған бұл музыкалық кон­церт өз дайындығының керемет бол­ғандығын көрсетіп, тың­дар­ман­дарын ерекше күйге бөледі.

Париж көрмесінде қойылған туындылар Лондон көрмесіндегі дүниелерден 24 мыңға асып түскен дейді. Елисей алаңындағы 16 гектар жерді алып жатқан көрмеде сыр шерткен шығармалар легі халық үшін осылай жарты жыл бойы жұмыс жасады. Осы аралықта көрмені 5 миллионнан астам адам тамашалады деген дерек бар. Бұл төрт жыл бұрын өткен Лондон көрмесіне келген халықтан 1 миллионнан астам жұртқа кем делінеді. Сондай-ақ, көрменің қаржылық шығыны 8 миллион франкты құраған.

Сонымен, алты ай бойы әлемнің 34 елінің өнертапқыштары мен өнер шеберлерінің туындыларын жалпақ жұртқа насихаттауда барынша ықпал еткен бұл көрме де өзіндік ерекшелігімен есте сақталмақ. Париж ЭКСПО-1855 көрмесі әлемдік көрме тарихында өзінің түрлі жаңалықтарымен келген көрме болып қала бермек...  

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Бөлісу:
Бәсекелестікпен өткен көрме · Egemen Qazaqstan