Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 945

Қостанайлық шенеуніктер қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған

<p style="text-align: justify;">Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, Қостанай ауданы әкімдігінің бірнеше лауазымды тұлғалары өздерінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қостанайлық шенеуніктер қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған

Қостанай облысының антикоррупциялық қызметі аталмыш аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Күдіктілер Заречный ауылында құрылыс-монтаж жұмыстарын ШОБ субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын заңсыз мәжбүрлеген. Күдіктілер шағын және орта бизнес өкілі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату үшін жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстарына 10,8 млн теңге аударуға заңсыз мәжбүрлеген.

– Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Лауазымды тұлғалардың кінәсі сот шешімімен анықталады, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедыч.

Бөлісу:
Қостанайлық шенеуніктер қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған · Egemen Qazaqstan