Саясат
1 мин оқу 170

Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Елшісін қабылдады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Имтиаз Ахмад Қазиді қабылдады. Елші Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Мехмед Курешидің жолдауын табыстады, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.

Тараптар Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясы 9-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың уақтылы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті (2020 жылғы 27-28 ақпан, Исламабад).

Сондай-ақ, халықаралық алаңдарда, соның ішінде АӨСШК, ИЫҰ және т.б. аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Бөлісу:
Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Елшісін қабылдады · Egemen Qazaqstan