Жаңалықтар
1 мин оқу 230

Үкіметаралық комиссияның отырысы

Ереванда Сауда-эконо­ми­калық ынтымақтастық жө­нін­дегі Қазақстан-Ар­мения үкіметаралық ко­мис­сия­сының бесінші отырысы болды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Ереванда Сауда-эконо­ми­калық ынтымақтастық жө­нін­дегі Қазақстан-Ар­мения үкіметаралық ко­мис­сия­сының бесінші отырысы болды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Комиссияның қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Марат Төлебаев, армян­дық бөлігін – Армения Респуб­ликасы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Гриша Багиян басқарды.

Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қа­тынастың жай-күйі мен келешегі, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл ша­руашылығы, көлік, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, қала құрылысы, мәдениет, туризм және ғылым салаларындағы ынтымақтастық бағыттары мен Қазақстан мен Армения арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Екіжақты сауда-экономика­лық қарым-қатынасты дамыту, экс­порттық әлеуетті арт­тыру және шетелдік инвестицияларды ынталандыру мақсатында та­раптар мемлекеттік және жеке меншік топтардың қатысуымен мезгіл-мезгіл көрмелер, дөңгелек үстелдер, жәрмеңкелер өткізуге уағдаласты.

Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығында 2014 жыл туризм жылы болып жарияланғанын ес­­кере отырып, тараптар екі ел­дің аумақтарында өткізілетін тиіс­ті іс-шараларға қатысу мүм­кін­дігін қарастырудың орын­ды­­лығын мақұлдады. Осы ретте Арменияның Джермук және Қа­зақ­станның Щучинск қа­лалары әкімшіліктері басшы­лары­ның екі­ қала арасында бауыр­лас­тық­ қарым-қатынас ор­нату тура­лы­ меморандумға қол қоюы қуатталды.

Тараптар комиссияның кезекті отырысын 2014 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.

Бөлісу:
Үкіметаралық комиссияның отырысы · Egemen Qazaqstan