Жаңалықтар
1 мин оқу 281

Комиссия жұмысына қатысуда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Сергей Громов пен Мәжіліс депутаты, палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының Ереван қаласында 30-31 қазанда өтетін көшпелі отырысына қатысуда.

Көшпелі отырыс аясында комиссия мүшелері ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігінің Кавказ ай­мағындағы әскери-саяси жағ­дайын талқылайды, деп хабарла­ды Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенатының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Комиссия жұмысына қатысуда · Egemen Qazaqstan