Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды
<p style="text-align: justify;">АҚШ Президенті Дональд Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>
Нобель комитетіне ресми өтінішті Норвегия парламентінің өкілі Кристиан Тибринг-Гедде жіберді. Ол Трампты Нобель сыйлығына ұсыну туралы хатында Трамп әкімшілігі Израиль мен БАӘ арасындағы қарым-қатынасты орнатуда маңызды рөл атқарғанын айтты.
"Менің ойымша, мемлекеттер арасында бейбітшілік орнатуға тырысты. Демек ол бейбітшілік сыйлығына басқа үміткерлерден қарағанда көп жұмыс істеді", - деді депутат телеарнаға берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Гедде Трамп соңғы 39 жыл ішінде қарулы қақтығысқа жол бермеген адам ретінде және Таяу шығыстан әскерін шығарған адам ретінде де Бейбітшілігін сыйлығына лайық екенін атап өтті.
