Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атап айтқанда, 11 қыркүйекте түнде Нұр-Сұлтан қаласында топырақ бетінде -1 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болады. Шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында тұман болып, топырақ бетінде -1-3 градус үсік жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде -1-3 градус үсік сақталады.
12 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында тауда найзағай күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады.
