Климаттық өзгеріс халықтың азаюына әкеледі
<p style="text-align: justify;">Басылымның жазуынша, жаһандық климаттық дағдарыс салдарынан 30 жылдан кейін әлем халқы 1,2 млрд адамға азаяды. Мұн­дай шешімге Сидней Экономика институтына қарасты Экологиялық қауіп регистрінің «Климаттағы өзгеріс әлемдегі бейбітшілік пен дамуға кері әсер етіп, адам өліміне әкеледі» деген гипотезасы себеп болып отыр.</p>

Олардың пікірінше, баяу дамып келе жатқан мемлекеттер экологиялық проблема, саяси тұрақсыздық пен әлеуметтік теңсіздікпен бетпе-бет келгенде, экономикалық коллапсқа ұшырап, адам шығынына әкеледі. Мұндай тұжырым жасауға БҰҰ-ның Ішкі көші-қон мониторинг орталығының зерттеуі, Азық-түлік пен ауылшаруашылық ұйымының статистикасы негіз болған. Болжам бойынша алдағы 30 жылда 31 мемлекетте шамамен 1 млрд адам шығыны болуы ықтимал. Ол мемлекеттердің қатарында Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері бар.
