Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 211

Павлодардың "Керуен" сауда үйінде өрт шықты

<p>Павлодар қаласының "Керуен" сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"11 қыркүйек күні таңғы сағат 6:57-де Павлодар қаласы Қамзин көшесі, 171 мекенжайындағы "Керуен" сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Екіқабатты ғимараттың 1-қабатында 4 бутик жанған. Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 07:39-де сөндірілді", деді "ТЖД Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары" ММ басшысы Сүлеймен Бимағамбетов.

Оқиға орнында жеке құрамның 22 адамы мен 6 техника жұмыс істеді. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның орын алу себебі анықталуда.

Бөлісу:
Павлодардың "Керуен" сауда үйінде өрт шықты · Egemen Qazaqstan