Аймақтар
1 мин оқу 220
Азық-түлік дүкенін өртеген ер адам ұсталды
<p style="text-align: justify;">Шымкент полицейлері қала тұрғынының азық-түлік дүкенін өртеп жіберген азаматты ұстады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға 7 қыркүйекте, түнгі уақытта орын алған. Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенін арнайы затпен өртеп жіберіп, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Өрт нәтижесінде дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келтірілді. Осы факті бойынша Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында іс бойынша күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.
Бөлісу:
