Аймақтар
1 мин оқу 153

БҚО-да көлік апатынан 3 бала зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 12 қыркүйек күні сағат 21.00-де Орал-Атырау жолының 50-шақырымында Ақжайық ауданы аумағында болды.

"ВАЗ-2109" автокөлігі "MAN" жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнына трассалық медициналық-құтқару бекетінің қызметкерлері барып, төрт адам құтқарылды.

Олардың біреуі 34 жастағы әйел болса, қалғандары – 15, 10 және 8 жасар балалар. Бәрі де Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. 

Бөлісу:
БҚО-да көлік апатынан 3 бала зардап шекті · Egemen Qazaqstan