Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">Елімізде үш облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>. Бұл туралы Қазгидромет орталығы мәлімдеді. </p>
Синоптиктердің мәліметінше, 14 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел - оңтүстік-батыстан, ал күндіз батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Оралда 14 қыркүйекте күндіз найзағай жарқылдайды. Жел - оңтүстік-батыстан, сондай-ақ батыстан ұйтқып соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90%. 14 қыркүйекте түнде және таңертең
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95%. 14 қыркүйек күні Қызылорда облысында жел күндіз солтүстік-батыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-100%.
