Теннис
1 мин оқу 182

Біреуі жеңіп, біреуі жеңілді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Михаил Ку&shy;кушкин Римде өтіп жатқан ATP тур&shy;нирінің іріктеу сайысын жеңіспен бас&shy;тады.</p>

Біреуі жеңіп, біреуі жеңілді

Әлемнің 90-ншы ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін рейтингте 184-орында тұрған швециялық Элиас Имермен өткізіп,  6:7, 6:4, 7:5 есебімен басым түсті. Тартысты бәсеке үш сағатқа созылды.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыс­тарының негізі құрамына шығу үшін енді рейтингте 112-сатыда тұрған жапониялық Таро Дэниелмен таласқа түседі.

Еске сала кетейік, бұл сайыста әлемнің 69-ракеткасы қазақстандық Зарина Диас рейтингте 110-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаядан жеңіліс тапты – 5:7, 6:2, 3:6.

Бөлісу:
Біреуі жеңіп, біреуі жеңілді · Egemen Qazaqstan