Аймақтар
1 мин оқу 230

Шымкентте шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін созылды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы қаланың Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін созылды

Құжатқа сәйкес сұлулық салондары мен SPA орталықтарының уақыты кешкі 21:00-ге дейін ұзартылды.

Олар тек жұмыс күндері ғана ашық болады. Қоғамдық көлікке аптаның 6 күнінде қатынауға рұқсат берілді. Бұған дейін автобустар тек дүйсенбі мен жұма аралығында жүретін.

Сондай-ақ енді демалыс күндері ашық аспан астындағы азық-түлік сататын және өзге де базарлар мен сауда орындарының  жұмысына шектеу қойылмайды.

Ал қала тұрғындары әлі де бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап жүруі тиіс. Отбасылық жиын-той өткізуге рұқсат берілген жоқ.

Бөлісу:
Шымкентте шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін созылды · Egemen Qazaqstan