Алматылықтарға вакциналаудың маңыздылығы туралы айтылды
<p style="text-align: justify;">Алматыда коронавирустың екінші толқынының қауіптілігі жағдайында тұмауға қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы айтылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №2 Қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрия Қалмұратова тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және респираторлық аурулардың өсу кезеңінде алдын алу шараларына көбірек көңіл бөлуге шақырды. Сондай-ақ бір инфекцияның екіншісіне қабаттасу қаупін азайту мақсатында тұмауға қарсы алдын ала вакцинация жүргізу қажеттігін атап өтті.
"Алдағы күзгі-қысқы маусымда COVID-19 ауруының жаңа толқыны болуы мүмкін. Ол осы кезең үшін стандартты аурулар, яғни суық тию, бактериялық инфекциялар, тұмау мен пневмония. Бұл күтпеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты вакциналау маңызды", деді Н.Қалмұратова.
