Жыл сайын 1 мың тоннадан астам балық алынады

Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, сонымен бірге, қолдан өсірілетін балық көлемі жылына 10 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ал, жалпы, өңірдегі балық шаруашылығының негізгі қоры 265 балық шаруашылығы су айдынын құрайды.
Мысалы, Ертіс өзені бассейннің жайылма су айдындары-182, дала су айдындары 19, ащы-тұзды су айдындары – 64.
Осы су айдындарында көксерке, сазан, шортан, басқа да балық тардың 15-ке жуық түрлері бар.
Басқарманың мәліметінше, 2011 жылдан бастап су айдындарын жануарлар дүниесін пайдаланушыларға ұзақ мерзімді бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бұл балық шаруашылығын дамытуға пайдаланушылардың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, су айдындарында браконьерліктің көбеюіне тосқауыл жасайды. Қазіргі уақытта облыста балық шаруашылығы қызметін 32 табиғат пайдаланушысы жүзеге асырады.
Оларға 75 балық шаруашылығы су айдыны бекітілген. Олардың негізгі қызметі – кәсіпшілік балық аулау болғандықтан 300-ден астам адам еңбек етеді.
Өңірде соңғы 3 жылда табиғат пайдаланушылармен 4 мың тонна су жануарлары ауланған, 2020 жылы квота 1 085 тонна көлемінде бекітілді.
Павлодар облысы