Оқиға
1 мин оқу 214

Әлеуметтік жобалар байқауы өтті

<p style="text-align: justify;">Достық үйінде Ассамблеяның 25 жылдығына орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен &laquo;DOSTYK KZ&raquo; атты жастар саясатын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы өткізілді.</p>

Әлеуметтік жобалар байқауы өтті

Байқаудың мақсаты – облыстағы жастар саясатын дамытуға бағытталған жаңа идеяларға, өзекті әлеуметтік мәсе­ле­лерді шешуге бағытталған жоба­ларға көңіл аударып, оның облыс кө­лемінде іске асырылуына қолдау көрсету. Байқауға 18-29 жас аралығындағы 6 жас және 4 команда қатысты.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыр­жан Кеңшілік, республикалық және халықаралық стартап-жобалардың жеңім­пазы, «Жаңғыру жолы» респуб­ликалық жастар қозғалысының белсен­дісі Евгений Демиденко және «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Айбек Дайрабай болды.

Байқау қорытындысы бойынша Әбіл­қайыр Ерғалиев – І орынды, Әлфараби Ислам – ІІ орынды, Бексұлтан Тұрсын ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ал «Ecoproject», «Clean World», «Helli», «Rise and fight» командалары және Әділхан Әжібеков, Баянсұлу Төлебай, Өтеш Жаснұр бай­қауға қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға сый-сыя­паттар табысталды.

Бөлісу:
Әлеуметтік жобалар байқауы өтті · Egemen Qazaqstan