Жаңалықтар
1 мин оқу 276

Уақытша өкілмен кездесті

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Джон Ордвейге өз ілтипатын білдіре отырып, Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжин екі ел арасындағы стра­тегиялық серіктестікті тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының дамуының жай-күйі мен перспективаларын, соның ішінде стратегиялық серіктестік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, мәдениет және білім салалары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылады.

1993 жылдан бері АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі – 24 млрд. доллар. Қазақстанда экономиканың жетекші салаларында 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Джон Ордвей 2004-2008 жылдары Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі болды. Ал 2011 жылы елімізде АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі болып қызмет атқарды.

Бөлісу:
Уақытша өкілмен кездесті · Egemen Qazaqstan