Аймақтар
1 мин оқу 162

Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Алматылық өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден үш ер адамды құтқарды. Пәтерде төсек-орын мен тұрмыстық заттар өртенген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;inAlmaty.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды

Үшінші қабаттың терезесінен шыққан түтінге байланысты көршілері өрт сөндірушілерді шақырған.

"Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтердің дәлізінде ер адамның жатқанын көрді, пәтердің қонақ бөлмесінде тұрмыстық заттар мен төсек-орын өртеніп жатқан. Ол жерден тағы екі адам табылды. Олар мас күйде болғанға ұқсайды", деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер ер адамдарды өртеніп жатқан пәтерден шығарып алып, оларды токсикология бөліміне жатқызу үшін жедел жәрдем тобына тапсырды. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бөлісу:
Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды · Egemen Qazaqstan