Елорда
1 мин оқу 355

20 қыркүйек күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

<p style="text-align: justify;">Жексенбіде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

20 қыркүйек күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

CTS компаниясының мәліметіне сәйкес, жексенбі күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ал сенбі күні қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 23:00-ге дейін жалғасады.

Дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар желіге қайта шығады.

Айта кетейік, жолаушылар қоғамдық көлікке маска тағып кіруге міндетті. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.

Бөлісу:
20 қыркүйек күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді · Egemen Qazaqstan