Экология
1 мин оқу 500

Қазақстанда су сапасын онлайн режимде бақылауға болады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Бүгін - Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі",- деп жазды министр өз Twitter парақшасында.

Министрдің сөзінше, жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы өткен жылы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар.

"Барша қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурсымыздың бірі - суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырамын", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Бөлісу:
Қазақстанда су сапасын онлайн режимде бақылауға болады · Egemen Qazaqstan