Руханият
2 мин оқу 204

Жемісті жиырма жыл

<p style="text-align: justify;">Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Театр төріндегі мерекелік шараға мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, аталмыш сала ардагерлері мен өнер ұжымдары қатысты.</p>

Жемісті жиырма жыл

Театр мерейтойына орай, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері, облыстық қазақ драма театрының жетекші ак­тері Қонысбек Бекайдаровты  төл мерекесімен құттықтап, өңірлік театрдың бүгінгі аяқ алысы жайлы сұрадық.

– Бүгінде біздің театр ұжы­мы тың ізденіс үстінде. Нәтиже­сін халық, театрымыздың тұ­рақты көрермендері көріп, біліп отыр. Театр сахнасы – киелі орын. Кейде сол киелі сахнаға кә­сіби актерлер жетіспей жата­ды. Қазір елордадағы Өнер уни­верситеті, Алматыдағы Т.Жүр­­генов атындағы өнер уни­­верситетінен бітірген бала­лардың көбі облыс орталық­тарына келе қоймайды. Шалғай дейді, дені Алматы мен Нұр-Сұлтанда қалғысы келеді. Біз­дің кезімізде тәжірибе алу үшін облыс орталықтарына ба­руға құлшынып тұратынбыз. Де­ген­мен қазір облыстық қазақ драма театрында еңбек етіп жүрген жастардың беталысы жаман емес. Тың ізденістері көп. Жет­пей жатқан жерлері болса, ақыл-кеңесімізді беріп отырамыз» – деді театр саңлағы.

Мереке барысында сахна өнерінің дамуына үлес қосып жүрген театр қызметкерлері марапатталды. Киелі театр тө­рінде талай тағдырлы рөл­дер­ді сомдап, көпшілік сүйіс­пен­шілігіне бөленіп жүрген сахна саңлақтарымен қоса, әдетте көрермен байқай бермейтін театр қызметкерлері – костю­мер, гример, инженерлер об­лыс әкімінің, мәдениет басқар­масының, Nur Otan партия­сы мен Қазақстан халық ассам­блеясының мадақ дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталып, құшақтары гүлге толды.

Биыл пандемияға байланыс­ты мәдениет ордасының қан­шама жоспары іске аспай жатыр. Бірақ соған қарамастан, әртістер жазғы уақытта табиғат аясына шығып, онлайн форматта Абай өлеңдерін, қара сөздерін, спектакльдердің үзін­ділерін сахналады.

Жиырма жылдық мерей­­тойға орай театр өз мұра­жа­йын, шайхана залын ашып отыр. Мұражай төрінде Ілияс Омаровтың портреті, қайрат­кер­дің жұмыс орнынан бас­тап, өнер ұжымында іргесі қа­лан­ғаннан бергі еңбек еткен азаматтардың жеке затта­ры, суреттер, белгілі тұлға­лар сыйға тартқан дүниелер, эт­нографиялық заттар және басқа да көз тартар дүниелер қойылған. Бұл музей қараша­ңырақтың шежіресінен сыр шертіп тұратын тарихи мүйіске айналмақ.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Жемісті жиырма жыл · Egemen Qazaqstan