Медицина
2 мин оқу 310

Таразда күрделі операция жасалды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет қолтық асты лимфа түйіндері арқылы оң жақ кеудеге кеңейтілген секторлық резекция жасайтын бірыңғай операция жасалды.</p>

Таразда күрделі операция жасалды

Бұл операцияны аурухана хирургтері жо­ға­ры деңгейде жүзеге асырды. Осы уақытқа дейін мұндай күрделі ота­лар тек Алматы қа­ла­сындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Нұр-Сұлтан қа­ла­сындағы Ұлттық ғы­лыми онкологиялық ор­та­лы­ғында ғана жаса­ла­­тын. Енді мұндай мүм­кін­дік Тараз қала­сын­да да туып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Талас ауданы, Қаратау қаласының 46 жастағы тұрғыны диспансерлік есепте «Оң жақ сүт безінің кар­­циномасы, 2-саты» кли­­никалық диагнозымен тіркелген. Науқас адъю­­­вантты емес хи­мия­лық терапияның төрт курсынан өтіп, ісік­те­рі­нің регрессиясы 50 па­йызға дейін жеткен. Сондықтан оған жедел түр­де ота жасау туралы шешім қабылданған. Нәти­жесінде білікті де тәжірибелі дәрігерлер Қайрат Төлешев пен Жандос Сейдахметов интраоперациялық экс­пре­сс-цитологиялық зерт­теуді қолдана отырып, дерттің ошағын алып тастаған. Дәрігерлер бұл операцияның өз нәти­же­сін береді деп күтуде.

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы бас­пасөз қызметінің же­тек­­шісі Толқын Өмір­бае­ваның берген мәлі­ме­тін­ше, мұн­дай отаның басты ерек­­­шелігі – сүт безін сақ­­тау­ға және қатерлі ісіктің қайталануын бол­дыр­мауға бағытталған. Бұрын онкологиялық ауру­ларға хирургиялық ара­ласудың басқа тәсілі қолданылатын болған. Бұл әдістің тиімділігі – қосымша аурудың алдын-алуға да септігін ти­гі­зе­тін­дігінде болып отыр. Облыстық көпбейінді ауру­хана дәрігерлерінің ізде­нісі мен үйлесімді әрі табысты жұмысында цитологиялық зертхана қызметкерлері Татьяна Сим мен радиология бөлімінің меңгерушісі Роза Бегімбаеваның зерт­теу­лері аса маңызды рөл атқар­ған.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Таразда күрделі операция жасалды · Egemen Qazaqstan