Кино
2 мин оқу 160

Екі бірдей кинофестивальға қатысады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген &laquo;18 килогерц&raquo; атты жаңа көркем фильмнің әлемдік тұсаукесері Орталық және Шығыс Еуропаның ең беделді фестивальдарының бірі &ndash; 36-шы халық&shy;аралық Варшава кинофестивалінің (WFF) негіз&shy;гі байқауы шеңберінде өтеді. Бұл туралы кинотуын&shy;дының креа&shy;тив продюсері Юлия Ким хабарлады.</p>

Екі бірдей кинофестивальға қатысады

«18 килогерц» – бұл 90-шы жылдардың соңындағы жасөспрімдердің өмірінен сыр шертетін фильм.

«18 килогерц» – ересек­тер естімейтін дыбыс жиі­лігі. Фильм жасөспірім­дер­­­­дің проблемаларына­ ар­нал­­­ған... Есейген са­йын жас буынның қиын­дық­­тарын түсіну қиындай беретіні анық. Өзіміз де жасөспірім болдық, кей­бір проблемалар шешіл­мейтіндей болып көрініп еді. Тіпті тығырықтан шы­ға­тын жол таба алмай, тұла бойыңды қорқыныш билеген кездер де болады. Біз­дің фильм сол кездерді еске алу үшін арнайы түсіріл­ді», деді ре­жиссер Фархат Шәріпов. 

Фильмнің түсіру жұ­мыстары Алматы қала­сында жүргізілді. Басты рөлдерде Мұсахан Жұма­хан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со секілді жас актерлер ойнады.

1

Әлемдегі ең беделді ки­­но байқаулардың бірі – Вар­шавадағы халықаралық кино­фестиваль негізі 1985 жылы қаланған болатын. Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығының федерациясы шешімімен 2009 жылы бұл фестивальға «А» санаты берілген болатын.

Биыл коронавирус ін­деті салдарынан дүние жү­зінде орын алған ауыр жағ­дай­ға қарамастан Варшава ки­но­фестивалі қазанның 9-ы мен 18-і аралығында әдет­те­гі­­­­дей дәстүрлі форматта өте­ді.

Одан бөлек, отан­дық «18 килогерц» фильмі Азиядағы ең ірі фес­­тивальдардың бірі – қа­зан­­ның 21-і мен 30-ы ара­лығында өтетін 25-ші Халықаралық Пу­сан ки­нофестивалінің (BIFF) кон­курстық бағдарла­масына қатысады. Кино­туынды «Азиялық киноға терезе» (A Window on Asian Cinema) атты бағдарл­ама­сында көрсетіледі.

Бөлісу:
Екі бірдей кинофестивальға қатысады · Egemen Qazaqstan