Туризм
1 мин оқу 510

Саяхаттауға қауіпсіз қалалардың қатарында

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесі жариялаған планетада саяхаттауға қауіпсіз 100 мекен тізіміне енді. Бұл туралы Travel Daily Media басылымы хабарлады.</p>

Саяхаттауға қауіпсіз қалалардың қатарында

Басылымның жазуынша, Дүниежүзілік сая­хат және туризм кеңесі (WTTC) үш ай ішінде «қауіпсіз саяхат» мәртебесін алған 100 бағыт туралы жариялаған. Оған ТМД елдерінен Қазақстан, Ресей және Украина кірген. Фи­липпиннің барлық қалалары саяхаттауға қауіпсіз деп танылған. Ал қауіпсіз саяхат (Safe Travels) белгісі Қазақстан қалалары ішінен тек елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына ғана берілді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесі бекіткен қауіпсіз саяхат орындарының тізіміне Түркия, БАӘ, Мальдив аралдары, Бермуд және басқа да танымал курорттық бағыттар бар.

Бөлісу:
Саяхаттауға қауіпсіз қалалардың қатарында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар