Руханият
2 мин оқу 450

Алты ақынның алғысы

<p style="text-align: justify;">Ақмоладағы ат төбеліндей қаламгерлер қауымы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен &laquo;Көкшетау қаламгерлері&raquo; сериясы бойынша алты ақынның жинақтары басылып шығып, тұсаукесері өткізілді.</p>

Алты ақынның алғысы

«Қысқа жіп күрмеуге келмей тұрған шақта», жазғаным қашан жарық көреді деп алаң­дап жүрген ақындарды қол­дау өнегелі іс. Бұл жолы бел­гілі ақын Қайырбай Төре­ғо­жаның «Көкжиек», Ерболат Баят­ұлы­ның «Уақыт шеңбері», Алмас Темірбайдың «Жекебатыр», Ұл­мекен Тыныштыққызының «Мен күткен көктем», Абылай Мәуленнің «Лабиринт», Та­бысбек Үсеннің «Бозжусан» жи­нақтары жырсүйер оқырманға жол тартты.

Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Айна Мы­сырәлімова сөз сөйлеп, ұлт­тық әдебиетке жасалып отырған қамқорлықтың алдағы уақытта да жалғасын табатындығына тоқталды. Жазушы-драматург, қоғам қайраткері Жабал Ер­ға­лиев жаңа кітаптардың тұ­сауын кесіп, құттықтау сөз сөй­­­леді.

– Мемлекет басшысы Қа­­сым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағ­дайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында «қазақ зия­лыларының жаңа кезең­дегі міндеті – ұлт болмысының жа­­ңа қағидаттарын орнық­ты­­­ру, сондай-ақ ұлт сапасын арттыруға ат салысу» деп атап көрсетілген, – деді Жа­бал Ер­ғалиев, – адам жанын сәуле­лен­діретін әдебиет. Әдебиетке қам­қорлық – болашаққа жасалып отырған жанашырлық деп ұғуымыз керек. Жақсы жырға сусап отырған жалпақ жұртқа тарту етілген тамаша олжа болды бұл!

Өлең оты алаулаған жиын барысында Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педа­гогикалық колледжінің дирек­торы Нұртас Ахат, Мәлік Ғаб­дуллин мұражайының директоры Құдайберлі Мырзабек, бел­гілі өлкетанушы Мұрат қа­жы Ыдырысов ақ тілектерін біл­дірді. Жинақтары жарық көр­ген алты ақын қол ұшын берген облыс басшылығына, кітаптардың түрлі-түсті, сапалы басылып шы­ғуына жанашырлық жасаған қос ақын Қуаныш Оспан мен Мерген Тоқсанбайға алғыс­та­рын білдірді. 

Көкшетау қаласы

Бөлісу:
Алты ақынның алғысы · Egemen Qazaqstan