Саясат
2 мин оқу 141

Импорттаушыларға – 110 млн теңге айыппұл

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері елімізге шетелден келетін жүктерді тексеру кезінде өсімдіктер карантиніне қатысты 2,7 мыңнан астам заң бұзу фактісі анықталды. Пандемияға байланысты биыл карантин талаптары күшейтілгенін атап өткен ләзім.</p>

Импорттаушыларға – 110 млн теңге айыппұл

Ауыл шаруашылығы ми­нис­трлігінің хабарлауынша, көп жағдайда өсімдік өнімдерін импорттаушылар тауарды міндетті фитосанитарлық сертификатсыз алып келуге тырысады. Сондай-ақ жалған немесе сәйкес келмейтін сертификатпен, тыйым салынған және зиянкестері бар өнімдерді елге кіргізбек болған әрекеттердің жолы кесілді.

– Осы фактілер бойынша 8 ай­дың қорытындысына сәйкес 2 мың 225 жеке және заң­ды тұлғаға 110 млн 879 мың теңге айыппұл салынды. 720 жағ­дайда жүк жөнелтуші елге кері қайтарылды, – деп хабарла­ды министрліктің баспасөз қызметі. Экспорттаушы елге кері жіберілген жүк көлемі
1 мың тоннаға, яғни 1259 текше метрге жуықтайды. Сегіз жағ­дай­да өнім жойылып, үш жағ­дайда қайта өңделді.

Анықталған заңбұзу­шы­лықтарға байланысты экс­порт­таушы елдерге 477 ноти­фикация жіберілді. Нотифи­ка­цияның 252-сі – Өзбекстан Рес­пуб­ликасына, 127 – Ресей Феде­рациясына, 38 – Иран Ислам Республикасына жіберілді.

Қазіргі таңда елімізде 77 сыртқы және ішкі фитоса­ни­тариялық бақылау бекеті жұ­мыс істейді. Оның 32-сі рес­пуб­ликаның шекара маңындағы өңірлерінде карантиндік фи­тосанитарлық бақылауды күшейту үшін биыл ашылғанын айта кету керек.

Мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау елге қауіпті каран­тин­дік объек­тілердің – өсімдік­тер­ді за­қым­дайтын өсімдік ауру­ла­рының қоздырғыштарын, кене, нематод сынды жәндіктердің, сондай-ақ арамшөп тұқымдарының Қа­зақстан шекарасынан ішке өтіп кетпеуін қадағалайды.

Ауыл шаруашылығы ми­нис­­тр­­лігі Агроөнеркәсіп кеше­нін­дегі мемлекеттік инспекция коми­теті биылғы 6 тамыздан бас­тап шығыс көбелегі мен комс­ток құртының табыл­уына байланысты Өзбек­стан аумағынан жеміс-жидек алып келуге уа­қытша тыйым сал­­ған болатын. Сондай-ақ ха­лық­аралық сауда нормаларын, оның ішінде өсімдік­терді қорғау және карантин жө­ніндегі халықаралық конвен­ция мен Еуразиялық эконо­ми­калық одақ талаптарын бұз­ғаны үшін министрлік Қазақ­станға өсімдік өнімдерін фито­са­нитарлық сертификат­сыз кіргізуге тырысқан бірқатар импорттаушыларды «қара ті­зімге» енгізді.

Бөлісу:
Импорттаушыларға – 110 млн теңге айыппұл · Egemen Qazaqstan